«Ауыл» партиясы ребрендинг туралы жариялады
Саяси ұйым өзінің ресми атауын, саяси бағдарламасын, жарғысын және логотипін жаңартады. Бұл туралы Ақмола облысының Зеренді ауылында өтіп жатқан партияның XXIV съезінде Серік Егізбаев мәлімдеді, деп хабарлайды 24kz.
Сонымен қатар іс-шарада саяси ұйымның атқарған жұмысының нәтижесі қаралды. Партия өкілдері Үкіметке алпыстан астам депутаттық сауал жолдады. Былтыр халықпен 120-ға жуық кездесу өткізді. Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар қабырғасында азаматтардың көптеген мәселелері көтерілді.
Серік Егізбаев, «Ауыл» партиясының төрағасы:
- Біз жаңа жарлығымызды қабылдайық деп отырмыз және де жаңа саяси бағдарламамызды қабылдайық деп отырмыз. Сонымен бірге біз партияның атауының негізін өзгертіп, ребрендинг дейді ғой, сондай бір үрдіске кірісейік деп жатырмыз. Сондай бір үлкен өзгерістерді ұсынып отырмыз, Делегаттар қолдайтын болар деп есептейміз. Өте күрделі, маңызды, халық үшін тетіктер.