Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы ауысты
Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы ауысты.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Ақорда бұған дейін бұл қызметті атқарған Сәкен Бекжанов қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысының өкімімен Сәкен Мансұрұлы Бекжанов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды – делінген хабарламада.