Мәжіліс екінші сессияда 100 заң қабылдаған

Парламент Мәжілісі екінші сессияда 39 жалпы отырыс өткізіп, 302 мәселе қарады.

Осы уақыт ішінде 100 заң қабылданды. Әрбір үшінші құжатқа депутаттар бастамашылдық жасаған.

Бұл туралы төменгі палатаның төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдедеді.

Ол Президенттің саяси реформаларын ілгерілетуге бағытталған заңдар топтамасын да тілге тиек етті. Оның ішінде сот жүйесі туралы конституциялық заң, адам саудасына қарсы іс-қимыл және масс-медиа туралы құжат бар. Одан бөлек, лудомания мен несие мәселесі де қаралды. Депутаттар халықпен кездесіп, олардың мұң-мұқтажын қамтыған  527 сауал жолдаған.