ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер саны артуы мүмкін

Шанхай ынтымақтастық ұйымы. Сыртқы саясаттағы салмағы жылдан-жылға артып келе жатқан бірлестікке қазір 9 ел мүше.

Оның құрамында Қазақстан, Қытай, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді. Ал Ауғанстан, Беларусь, Моңғолия бақылаушы-мемлекет статусына ие.

Тағы 14 елмен берік серіктестік орнаған. Қазір Беларусьты Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше ету мәселесі қаралып жатыр. Демек, бірлестік аясы алдағы уақытта да кеңеюі мүмкін.