Қ.Тоқаев Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Уттар-Прадеш штатының Хатрас қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Уттар-Прадеш штатында өткен діни жиын кезінде көптеген адамның бастырылып қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және өз атымнан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», - деді Мемлекет басшысы.