Гутерриш: Қазақстанның бейбітшілікті сақтаудағы бастамалары – әлемге үлгі

Қазақстанның әлемдегі бейбітшілікті сақтаудағы бастамалары әлемге үлгі.

Астана әрдайым халықаралық күрделі мәселелерді шешуде тиімді диалог алаңы болып келеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш қазақ елінің бастамаларына бүгін осындай үлкен баға берді. Сондай-ақ ол "әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтауда халықаралық ұйымдардың рөлі зор. Бұл тұрғыда Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы ортақ мақсат жолында күш біріктіре алады, деді.

Сондай-ақ ол әлемдегі терроризм сияқты сын-қатерлермен күресте халықаралық бірлестіктердің өзара байланыс құрып, әріптестікте жұмыс істеуі маңызды екеніне тоқталды.