Сарапшы: Саммитте қол қойылған құжаттар ШЫҰ дамуына негіз болады
Қазақстан ШЫҰ төрағалығын жоғары деңгейде атқарды.
Әсіресе мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Оған бір ғана қазақ-қытай арасында өзара ашылған мәдени орталықтар мен өзге де келісімдер дәлел бола алады. Қытайдың Еуропа және Орталық Азияны зерттеуші ғалымдары осындай пікір білдірді. Бейжіңдегі халықаралық қатынастарды зерттеу институтының департамент жетекшісі Ли Цзыгоның сөзінше Қазақстанның бұл бағыттағы белсенді жұмысы Қазақ елінің мемлекеттер арасындағы тығыз байланыс пен ұзақ мерзімді достық қарым-қатынас орнатуға деген ниетін көрсетеді.
Ли Цзыго, Қытай Халықаралық мәселелер академиясының департамент директоры:
- Қазақстан мемлекеттер арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа айрықша көңіл бөліп келеді. Мәдениет халықтарды байланыстырушы көпір. Қазақ елі осы ұстанымды нақты істермен дәлелдеп, жоғары нәтижеге қол жеткізілді. «Шанхай ынтымақтастығы ұйымы форматында» барынша тартымды ететін бірқатар маңызды жоба іске қосылды. Мемлекет басшылары деңгейінде келісімдер жасалды. Астана саммитінде қол қойылған құжаттар Шанхай ынтымақтастығы ұйымын дамытуға негіз болады.