Олжас Бектенов Риддердегі ЖЭО-ны жаңарту жұмысын тексерді
Риддер қаласындағы жылу электр орталығын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысы алдымен дәл осы нысанда болды. Қолданысқа берілгеніне жарты ғасырдан асқан орталық әбден ескірген. Жылыту маусымының басына қарай 2 қазандық агрегатын іске қосу жоспарланған. Реканструкция аяқталғаннан кейін жылу көзінің тозуы 40 пайызға дейін төмендейді. Олжас Бектенов жылыту маусымының тұрақты өтуі үшін жұмысты жеделтетуді тапсырды.