Премьер-министр Риддердегі медициналық кешен құрылысының қарқынын тексерді
Мұнда бір ауысымда 500 адам қабылдайтын емхана мен 200 орындық стационар қарастырылған.
Бүгінде жоба 60 пайызға орындалды. Енді ғимараттың іші мен қасбетін әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Емхана биыл күзде, ал стационар келер жылы пайдалануға беріледі. Олжас Бектенов медициналық инфрақұрылымды дамыту Мемлекет басшысының ерекше бақылауында екенін атап өтті.