О. Бектенов: Сырттан келген студенттер баспанасыз қалмауы керек
Жоғары оқу орындарына қойылатын талаптардың әлемдік стандарттарға сәйкестігін қайта қарау керек.
Бұған ұлттық жоғары оқу орындары мен жетекші шетелдік университеттердің филиалдары бағыт беруге міндетті. Олжас Бектенов құзырлы министрлікке жаңа талаптарды әзірлеуді тапсырды. Олжас Бектенов колледждер мен жоғары оқу орындары студенттері үшін жатақханалардағы орын тапшылығына ерекше тоқталды. Үкімет басшысы сырттан келген бірде бір студент баспанасыз қалмауы керектігін баса айтты. Сондай-ақ білім беру ұйымдарының кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатуын талап етті.