Қазақстанға Жапония Премьер-министрі келеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Жапония Премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды 24kz.
Мәртебелі мейман екі күн, яғни 9-10 тамыз күндері бірқатар іс-шараларға қатысады. Нақты айтқанда, 9 тамызда Астанада «Орталық Азия+Жапония» Диалогының бірінші саммиті өтеді. Ал 10 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фумио Кишида екіжақты келіссөздер жүргізеді деп жоспарланып отыр.