Сарапшы: Президент мақалада келешекке құрылған жоспар жайлы баяндады

Мемлекет басшысының жаңа мақаласында көшпелі елдердің әлемдік аренадағы саяси рөлі мен экономикалық маңызы жан-жақты сарапталған, деп хабарлайды 24kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің ортақ мақсаттарын айқындап, келешекке құрылған жоспар жайлы баяндады. Сарапшы Бауыржан Әукен осылай дейді.

«Сондай-ақ Президент күрмеулі мәселелерді шешудегі қадамдарға жоғары баға беріп, елдің одан әрі даму бағытын айқындады», - дейді, сарапшы.

Бауыржан Әукен, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Азиялық зерттеу бөлімінің аға сарапшысы:

- Жалпы бүгінгі шыққан мақалада Мемлекет басшысы Орталық Азия елдерінің жеткен жетістігін айқындап, жаңа даму бағытын көрсетті. Әлемнің жетекші елдерінің біздің аймаққа, біздің аймақ елдерімен байланысты орнатуға мән беріп, қызығушылық танытып отырғанын атап өткен болатын.