Астанаға Түрікменстан Президенті келді
Астанаға Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов келді.
Мәртебелі мейманды әуежайдан Премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды. Сердар Бердімұхамедов елордада өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 6-консультативтік кездесуіне қатысады.