Қосшы қаласында қандай өзгеріс бар?

Мемлекет басшысының Ақмола облысына жұмыс сапары басталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадан 20 шақырым жерде тұрған Қосшы қаласына барып, біраз нысандарды аралап көрді. 2021 жылы президенттің пәрменімен аталған елді-мекенге Қала статусы берілген болатын. 

Берік Дүйсенбай, тілші:

- Осыдан 10 жыл бұрын 21 мың тұрғаны болған Қосшы елді мекені 2021 жылы қала мәртебесі берілгелі халық саны күрт өсіп бүгінде 112 адамға мыңға жетті. Мектеп жетіспей балалар үш ауысыммен  а дан ы сыныбына дейін оқығаны естеріңзіде болар. Заманауи жаңа білім ошақтары салынып, бұл мәселе шешілді. Соның бірі Қосшы қаласының гимназиясы. 

Қосшы қаласының жаңа ауданында орналасқан мектеп «Болат Өтемұратов қорының» жеке инвестициясы есебінен салынып, жергілікті білім бөлімінің басқаруына берілген. 2700 бала оқитын білім мекемесінде 280 орындық акт залы, 360 орындық асхана, 2 спорт залынан бөлек 54 сынып кабинеті және 63 мамандандырылған кабинет бар. Робототехника, қолонөршілік, музыка, би сияқты ондаған үйірме оқушылар үшін таптырмас ермек.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Қазақстан озық мемлекет болады десек, осындай робототехника деген өте қажет нәрсе. Қажет білім. Сондықтан балаларымыз білімді болсын әрқашан. 

– Робототехникаға қатысқаныма біраз уақыт болып қалды. Әртүрлі роботтар құрастыру программаларын үйрендім. Компьютермен жұмыс жасап, роботпен қалай жұмыс жасайды, барлығын біліп, үйреніп алдым. Біз үшін мектепте барлық жағдай жасалған. Робототехникадан бөлек бізде әртүрлі үйірмелер де бар. Аспаздық, мобилография, би үйірмесі, гончарная.

– Сізді көргеніме өте қуаныштымын.

- Бақытты бол, айналайын. 

Бұл біраз жыл бұрын мектепте орын жетпей таршылық көрген оқушының шынайы қуанышы екенін бағамдау қиын емес. Мұнда оқушыларға фотостудиясы жасақталып, балаларға мобилографияны үйрету жолға қойылыпты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті.

- Мобилография деген өте қажет нәрсе екен. Жастар үшін әсіресе.  

- Қош келдіңіз. Бұл бізде мобилография кабинеті. Біз мұнда еркін фотоға түсіруді және еркін форматта камераның алдында сөйлеуді үйренеміз.  

Балалар сайрап тұр. Президенттің алдында да қысылмады. Суретке де түсіп алды.

Жансезім Бауыржанқызы, 11-сынып оқушысы:

 – Қазіргі таңда мемлекетімізде креативті индустрияға үлкен мән беріліп жатыр. Біз бұл жөнінде яғни теория жүзінде ғана емес. Осы мектеп қабырғасында жақсы нәтижелер жинап, тәжірбие жинап, оны әлеуметтік желілерде жариялап жатырмыз. Алдағы уақытта менен мықты кинорежиссер шығып жатса таңқалмаңыздар.

Берік Дүйсенбай, тілші:

– Қосшы гимназиясының шоқтығын биік еткен бірнеше себептің бірі бұнда көлік жүргізуді виртуалды оқыту орталығы бар. Яғни 10-11 сынып оқушылары мектеп қабырғасынан шықпай-ақ осы жерде 3 айдың ішінде көлікті тізгіндеудің теориясы мен тәжірбиесін меңгереді. Мұнда барлығы шынайы өмірдегідей. Әцелі қауіпсіздік белбеуін тағынамыз, көлікті от алдырамыз, қозғалтқышты қосамыз. Кеттік.  

Көлікті виртуалды жүргізу оңай емес екен. 3 ай бойы оқытатыны да содан. Жүргізуші куәлігі берілмейді демесеңіз, бала бәрін біліп шығады. Айтпақшы Президент те отырып көрді.  

Дидар Асқарова, Қосшы қалалық гимназиясының директоры:

- Жайлы мектептің барлық стандартына сай келетін мектеп.  Президент оң баға берді жайлы мектепке, өте жақсы екен. Болашақ балалардыкі деп айтты бізге. Кітапханамызға қатты қуанды. Кітаптарыңыз көп екен деді. Және сонымен қатар өзінің де әке туралы ой толғаныс туралы кітәбін сыйлық ретінде табыстады. Балаларға бір автобус берілді, өте қуаныштымыз.  

Ал Қосшы әкімі Президентті қаланың бас жоспарымен таныстырды. Шаһарда 1,5 миллион шаршы метр тұрғын үй мен 45 әлеуметтік нысанның құрылысы жоспарланған. Соңғы екі жылда үш мектеп салынса, тағы біреуінің құрылысы аяқталуға жақын. Алдағы уақытта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында тағы  үш білім ошағы, сондай-ақ екі балабақша салындады. Денсаулық сақтау саласында қазіргі күні жекеменшік инвестиция есебінен 1000 келушіні қабылдайтын емханасы бар 300 орындық көпбейінді аймақтық аурухана салынып жатыр.  Медициналық мекеме тек Қосшы халқына ғана емес, жақын маңдағы аудандардың тұрғындарына да қызмет көрсетеді деп жоспарланып отыр.Мемлекет басшысы облысы әкіміне  құрылыстық қарқынын ескеріп, инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және газ құбырын тарту мәселелеріне мән беруді тапсырды.

Мұнан соң мемлекет басшысы осы мамыр айында іске қосылған жартылай фабрикаттарды даярлайтын компанияның өндіріс алаңын аралап көрді.Кәсіпорын құс етін терең өңдеп, тез дайындауға болатын тағамдарды шығарады. Qazaqstan Investment Corporation қоры арқылы мемлекеттік қолдауына ие болған компания табиғи таза өнімдерін ел ішінде ғана емес, Еуразиялық Экономикалық Одақ елдеріне де экспорттауды межелеп отыр. 

Михаил Шейнкман , "IL-TOV" компаниясының бас директоры:

- Компаниямыздың өндірістік қуаты қазір 3300 тонна. Бұл алғашқы қадамдар ғана. Алда қуатты тағы бір өндірістік желіні іске қосып, 10-12 мың тонна өнімге шығу жоспарымызда. Бізде шикізат салынғаннан, дайын наггетс немесе котлет болып шыққанға дейінгі барлық өндірістік тізбек автоматтандырылған. 85 адам жұмыс істейді. Қосшы тұрғындарынан бөлек Астанадан келіп істейтіндер де бар. 

Кәсіпорын басшылығы алдағы уақытта 10 млрд тг инвестиция тартып, толық кешенді комбинат салуды мақсат тұтып отыр. Отандық тамақ өнеркәсібін дамыту маңызды екеніне тоқталған президент мұндай ұжымдарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті. 

Берік Дүйсенбай, Азамат Сәметов