Қ. Тоқаев пен Э. Рахмон кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Шағын құрамдағы кездесуден кейін қос Президент ресми делегация мүшелерінің қатысуымен өткен кеңейтілген құрамдағы келіссөзге ойысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мемлекеттік сапардың басты мақсаты достыққа және өзара қолдауға негізделген қазақ-тәжік қатынастарын мүлдем жаңа деңгейге көтеруді көздейтінін айтты. Оған қоса бүгін қол қойылатын Одақтастық қатынастар туралы шарттың айрықша маңызына назар аударды. Қазір екі ел арасында барлық бағытта ынтымақтастық дамып келеді. Президенттер осы қатынасқа қарқын қосуға келісті. Әсіресе цифрландыру, білім беру және ғарыш технологияларын пайдалану бағыттары бойынша өзара тиімді серіктестік аясын кеңейтудің мүмкіндіктері қарастырылды.