Е. Қарин: Жаңарған Ата заң мемлекеттің дамуына ықпал етті
2022 жылы Ата заңға маңызды өзгерістер енгізілді.
Әділдік қағидатына негізделген бұл түзетулер бүкіл қоғамның мүддесін ескере отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейте түсуге жол ашты. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің телеграм каналында Конституция күніне арнаған жазбасында осылай деді. Конституциялық реформаның басты жаңалығы Президент 7 жылдық мерзімге бір рет қана сайланатын болды, Парламенттің ықпалы күшейді. Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты, аралас сайлау жүйесі енгізілді. Жаңа институт, Конституциялық Сот құрылды, адам құқықтарын қорғау тетіктері айтарлықтай күшейтілді. Жалпы осы өзгерістерден кейін 2 жыл өтті. Бүгінде біз жаңарған Ата заң мемлекетіміздің дамуына зор ықпал етті деп, нық сеніммен айта аламыз, деп түйіндеді мемлекеттік кеңесші.