Қ. Тоқаев: Кешенді реформа жасайтын уақыт келді
Олимпиада жүлдегерлерін Ақордаға жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев спорт саласындағы жауаптыларды сынаған еді.
Жемқорлықты, қаражаттың аста-төк бөлінуін қатаң айыптады. Салаға ауқымды реформа жүргізу қажеттігін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Қазіргі жағдайға қарағанда спорт функционерлері саланы дамытумен емес, миллиардтаған бюджет қаржысын игерумен әлек. Олар түпкі нәтижеге бас ауыртпайды. Спорт саласында жемқорлық фактілері жиі кездеседі. Бұл отандық спорттың дамуына ғана емес, елдің абырой-беделіне нұқсан келтіреді. Мұндайға жол беруге болмайды.