«Ақ жол» партиясы АЭС салу ұсынысын қолдады
«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Қазақстанда АЭС салу ұсынысына қолдау білдірді, деп хабарлайды 24KZ.
Партияның ресми ұстанымы 3 сағатқа созылған талқыдан кейін хабарланды. Отырыста энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев атом электр стансысының инвестициялық жобаларға әсері, электроэнергия тапшылығы және құрылыс нұсқаларын баяндады. «Ақжолдықтар» балама шешімдер мен ықтимал мердігерді таңдауға байланысты бірқатар сұрағына жауап алды. Нәтижесінде ұсынысты қолдап, саланы прогрессивті түрде дамыту қажеттігін және өркениетті әлемнен технологиялық тұрғыда артта қалуға жол бермеу керектігін атап өтті.