Индонезияда Орталық Азияны зерттеу орталығы ашылды

Индонезияда алғаш рет Орталық Азияны зерттеу орталығы ашылды, деп хабарлайды 24KZ.

Қазақстан тарапынан ұсынылған идея халықаралық деңгейде қолдау тапқан. Зерттеу институтының жұмысы еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық әлеуетін зерделеуге бағытталады.

Сонымен қатар сауда, туризм және мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Орталық Джакарта Ұлттық даму университетінің жанынан ашылды. Салтанатты іс-шара кезінде Қазақстан туралы фильм көрсетіліп, фотокөрме ұйымдастырылды. Оған Әзербайжан, Грузия, Моңғолия мемлекеттерінің дипломаттары, халықаралық сарапшылар қатысты.

Бамбанг Сусанто, Индонезияның Ұлттық даму университетінің халықаралық байланыс жөніндегі директоры:

- Орталық Азия тарихи және мәдени жағынан зор маңызға ие. Сонымен қатар табиғи ресурс әлеуеті өте жоғары. Бүгінде әлем державаларының назары осы аймақта. Индонезия саяси-экономикалық, мәдени байланыс орнатуға мүдделі. Орталықтың ашылуы елдер арасындағы достық, іскерлік, байланысты арттырады. Жаңа институттың құрылуы барлық тараптар үшін тиімді.