Серік Жұманғарин Сербия Премьер-министрімен кездесті
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстан делегациясының Белградқа ресми сапары аясында Сербия Премьер-министрі Милош Вучевичпен кездесті, деп хабарлайды 24kz.
Тараптар ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, ғарыш және әскери-техникалық салалардағы ынтымақтастық жайын талқылады. Серік Жұманғарин Сербия Қазақстанның Балқан түбегіндегі сенімді серіктесі екенін айтты. Белградта екі елдің үкіметаралық комиссиясының III отырысын өткізу өзара қарым-қатынастың тұрақты дамуын айғақтайды. Өз кезегінде Премьер-министр Милош Вучевич екі ел арасындағы достық қатынастың жоғары деңгейде екенін атап өтті. Алдағы уақытта Қазақстан мен Сербия цифрлық технология, ауыл шаруашылығы саласында бірлесіп жұмыс атқаруға ниетті. Сондай-ақ екі ел арасында тікелей әуе рейстерін ашу жоспары бар.