Германия Орталық Азияның дамуына қаншалықты әсер ете алады? LIVE

Германияның Қазақстанмен тығыз қарым-қатынасы Орталық Азияға жол ашады.

Әлемдегі жетекші экономика қатарына кіретін Германия осы аймақтың дамуы мен өркендеуіне қаншалықты әсер ете алады деп ойласыз?

  1. Мемлекет басшысы бүгін «Орталық Азия – Германия» форматындағы көпжақты ынтымақтастық тарихында жаңа кезең басталады деді. Бұл – сауда, инвестиция, энергетика, экология, көлік-логистика, білім-ғылым саласындағы тың бастамалар. Жасанды интеллект, цифрландыру және «жасыл» технология сияқты келешегі жарқын бағыттағы ынтымақ. Германия Орталық Азия үшін қаншалықты маңызды серіктес? Ал Орталық Азия не үшін Германияға қызығушылық танытып отыр деп есептейсіз?
  2. Президент бүгінгі жиында әлемнің ең дамыған мемлекеті әрі Еуропа Одағының ірі экономикасы саналатын Германиямен кең ауқымды серіктестік орнату – Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттері үшін басты басымдық деп атап өтті. Демек, халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту бағытында да атқарылар іс ауқымды секілді. Қалай ойлайсыз?
  3. Сарапшылар Германия канцлерінің Қазақстанға сапары энергетика, көліктік логистика, ауыл шаруашылығы, химия, машина жасау салаларындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін береді деп болжам жасап отыр. Осының ішінде ең басым бағыт біз үшін қайсысы?
  4. Екі мемлекет арасындағы ынтымақ туралы айтқанда мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар да шет қалмайды. Елімізде неміс ұлтының 220 мыңнан атсам өкілі тұарды екен. Германияда 1 млн астам отандастарымыз бар. Бұл да бір екі ел арасындағы достықты нығайтатын себеп емес пе?

Спикер: Жанерке Қайратқызы, саясаттанушы.