АЭС салуды қолдау штабы Маңғыстауға барды
Қазақстанда атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб өкілдері Маңғыстауға барды.
Еңбек ұжымдары мен Сенек ауылының тұрғындарымен кездесіп, жобаның артықшылықтарына тоқталды. Шалғай өңірде электр қуатына сұраныс жылдан жылға артып келеді. «Энергияның жетіспеушілігі аймақта тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымның дамуына, жаңа кәсіпорындарды құру жұмыстарына кері әсер етуде. Мәселені шешу үшін, Маңғыстауды еліміздің бірыңғай тоқ жүйесіне қосу жұмыстары жүріп жатыр.
Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясы Қазақстанда жылдан жылға өте сапалы іске асып келе жатыр. Ал еліміздің тарихында тұңғыш рет әлеуметтік-қоғамдық мәселені референдумға шығарып отыр. Бұл, мемлекет басшысының соңғы бес жылдықта ұстанып келе жатқан ең негізгі бағыттардың бірі. Ал осы жасалып жатқан жұмыстар бұл тікелей Қазақстанда жаңа саяси-қоғамдық мәдениет қалыптасып жатқанының бірден бір белгісі.