БҰҰ миссиясы құрамындағы қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында қызмет етуде
Израильдің әуе шабуылдарынан Ливан астанасы Бейрут, Сайда және Тир қалалары қатты зардап шекті.
Бұл туралы жергілікті «Әл-Джадид» телеарнасы хабарлады. Әскери іс-қимылдар орнына жақын жердегі Голан жоталарындағы Фауар лагерінде БҰҰ миссиясы құрамындағы 139 қазақстандық бітімгер қызмет етіп жүр. Олар жанжалдасушы тараптар арасында оқ атпау тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жауынгерлер миссияның қарауындағы аймақ пен бақылау-өткізу бекеттерін күзетеді, жарылғыш заттарды жойып, БҰҰ-ның қызметкерлерімен бірге жүріп, оларды эвакуациялау жұмыстарына қатысады.
БҰҰ миссиясының ресми мәлімдемесіне сәйкес, бітімгерлер қазір өздеріне белгіленген аймақта қызмет етуде. Бүгінде Ливанда бұл халықаралық ұйым атынан 48 елден 11 мың әскери және азаматтық қызметкер бар.