Израиль, Иран мен Ливандағы дипмиссияларымыз күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Қазақстанның Ливан, Иран, Израильдегі дипломатиялық миссиялары күшейтілген жұмыс режиміне көшті.
Алда-жалда қауіпті аймақтардан шығару мақсатында борттар ұйымдастырылса, онда консулдық есептегі азаматтар Қазақстанға қайтарылады. Сыртқы істер министрлігі осы елдерде жүрген отандастарымызға бұл мемлекеттердегі консулдықтарға тездетіп тіркелуге шақырады. Бұған дейін Ливаннан кету қажеттілігі бірнеше мәрте жарияланған еді. Таяу Шығыс елдеріндегі Қазақстан елшілігінің Жедел штабтары құрылған. Әр елдегі штаб құзырлы ведомстволармен тығыз байланыста. Зардап шеккен, қаза тапқан Қазақстан азаматтары туралы ақпар жоқ. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таяу Шығыстағы азаматтарымыздың қауіпсіздігі үшін қолдан келгеннің бәрі жасалатынын жеткізді. Әзірге дипломатиялық миссия өкілдері мен олардың отбасы мүшелерін елге қайтару мәселесі қаралып жатқан жоқ.
Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі