ОСК төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті

ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров халықаралық байқаушылармен кездесті, деп хабарлайды 24kz.

Референдум алдында орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Беларусь Республикасындағы әріптесі Игорь Карпенкомен, АҚШ-тағы Сайлауға жәрдемдесу жөніндегі комиссияның Вице-төрағасы Дональд Палмермен, Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасары Сади Джафаров, Түркияның Жоғары сайлау кеңесінің мүшелері Чопур Али және Үркер Алимен кездесулер өткізді.

Сондай-ақ Молдова Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Мирчей Катырэумен де жүздесті. Ал АҚШ-тағы Сайлауға жәрдемдесу жөніндегі комиссия өкілі еліміздегі дауыс беру процесін алғаш рет байқап отыр.