М.Әшімбаев: Әр азаматтың референдумға қатысуы маңызды
Бүгін – қазақстандықтар үшін тарихи күн. Астанадағы №164 референдум учаскесінде дауыс берген Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деді.
Спикердің айтуынша, мұндай стратегиялық шешімдер барша отандастарымыздың қатысуымен қабылдануы керек. Сондықтан әр азаматтың референдумға қатысып, өз таңдауын жасағаны маңызды екенін атап өтті. №164 учаске Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан. Мұнда 20214 дауыс беруші тіркеліпті.