Аида Балаева референдумда өз таңдауын жасады
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева референдумда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды 24kz.
Ведомство басшысы Ұлттық кітапхана ғимаратында ашылған №164 учаскеде дауыс берді. Министрдің айтуынша, бұл тағдыршешті науқан халық үшін аса маңызды. «Атомдық электр станциясының құрылысы бойынша саяси астар іздеудің қажеті жоқ. Бұл мәселе бірінші кезекте елдің дамуы үшін экономикалық мәнге ие», - деді министр.