Араб Әмірліктеріндегі қазақстандықтар референдумға белсенді қатысып жатыр
Біріккен Араб Әмірліктерінде тұратын отандастырымыз да референдумға белсенді қатысып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Таңғы сағат 7-де Қазақстан елшілігі ғимаратында дауыс беру басталды. Дауыс беру учаскелерінде талапқа сай қажетті жағдайлар жасалған, референдум шартының сақталуына комиссия мүшелері мұқият мән берген. Қазір Әмірліктерде 10 мыңнан астам Қазақстан азаматы ресми тіркелген. Олар – іскерлік, қаржы, туризм саласында қызмет ететін азаматтар және жоғары білім алып жатқан студенттер.
Бибігүл Нысанбаева, тілші:
- Әмірліктердегі екі сайлау учаскесінің бірі Дубайда орналасқан. Осы аралықта Консулдық ғимаратына келіп, халықтық дауыс беруде отандастарымыз белсенділік танытып отыр. Мұнда сайлау комиссиясының 5 қызметкері жұмыс істейді
Дубайдағы сайлау учаскесіне ресми түрде 350-дей адам тіркелген. Әмірліктерге өмір сүретін отандастарымыз бұл референдумға үлкен мән беріп отыр. Сайлауға келгендер, шешім жасауға халықтың тікелей қатысуы елдің демократиялық ұстанымдарының нығайғанын көрсететін айтты.
Даурен Досжанов:
- №406 референдум учаскесі комиссиясының төрағасы Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасында Абу-Даби қаласында және Дубай қаласында екі участок қызмет атқарып жатыр. Әр учаскеде 5 комиссия мүшесі қызмет атқарып, барлық азаматтардың, Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық борыштарын жүзеге асыруына ықпал етіп жатыр.
Айдар Шөкенов, Дубай қаласының тұрғыны:
- Болашақта мемлекеттен: «Мемлекет мен үшін не істеді?» деп сұрамас бұрын алдымен өзімізге: «Мен сайлауға қатысып, өз дауысымды бердім бе» деген сұрақ қоюымыз керек. Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын жүзеге асырып, мемлекет тағдырына белсене араласуы тиіс. Бұл – менің азаматтық ұстанымым.
Бибігүл Нысанбаева, тілші:
- Дауыс беру жалғасуда. Әмірліктердегі барлық азаматтарымыздың референдумға қатысып, өз дауыстарын беруге жергілікті уақытпен кешкі 20.00-ге дейін мүмкіндігі бар. Халықтың белсенділігі мен дауыс беру қорытындысы еліміздің болашақ энергетикалық саясатының бағыт-бағдарын айқындамақ.