Маңғыстауда 250 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр
Маңғыстау облысында 250 дауыс беру учаскесі бар.
Басым бөлігі Ақтауда. Қала халқы тұрғылықты мекенжайы бойынша 85 учаскеде өз таңдауын жасап жатыр. Жалпы өңірде 435 мыңнан астам тұрғын дауыс беру құқығына ие. Соның үш мыңдайы ерекше қажеттілігі бар адамдар. Айта кетсек, дауыс беру учаскелері Брайль қарпімен жазылған бюллетендермен қамтамасыз етілген.
Күреңтай Ізбергенов, қала тұрғыны:
- Бұл халыққа, Қазақстанымызға керек деп есептеймін. Біз енді осыған асығыстықпен таңертең ерте тұрып келіп, жолдасымыз екеуміз дауысымызды беріп жатырған жайымыз бар.
Ырысбибі Оңдасынова, қала тұрғыны:
- Халқымыз тыныш болсын. Барлығы ойлағанымыздай болсын, мына айтылып жатқан әңгіменің барлығы. Келіп жатырмыз сол ұрпақтарымызға тәрбие, үлгі-өнеге көрсетіп мына жастарға.
Нұршат Сағынбаева, №25 дауыс беру учаскесінің төрағасы:
- Таңертеңнен бері келіп жатқан тұрғын саны өте көп. Кішкентай балаларымен, немерелерімен келіп жатыр. 18 жасқа жаңа толған азаматтар келді.