Қарағанды облысында мүгедек жандардың дауыс беруіне жағдай жасалған
Қарағанды облысында 650 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр.
Оларда 761 мыңнан астам тұрғын, оның ішінде 4 мыңнан астам мүгедектігі бар жандар тіркелген. Оларға барлық жағдай қарастырылған. Мысалы есту қабілеті нашар адамдар құлаққабы бар ноутбуктан қажетті ақпаратты тыңдай алады. Ал зағип жандар арнайы Брайль әрпімен жазылған бюллетендердің көмегімен дауыс береді. Сондай-ақ сурдоаударма қызметі де көрсетіледі. Мүгедектігі бар жандарға 120 инватакси қызмет көрсетуде. Қарағанды қаласына қарасты Пришахтинск елді мекенінің тұрғыны, 1-топтағы мүгедек Ольга Лингерт бүгін №110 референдум учаскесіне келіп өзінің азаматтық таңдауын жасады.
Ольга Лингерт, Қарағанды қаласының тұрғыны:
- Әр адам еліміздің әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне бейжай қарамауы тіис. Мен сол себепті келіп өзімнің таңдауымды жасадым. Мұнда мүгедектігі бар жандар үшін барлық жағдай жасалған. Брайль әрпінің көмегімен бюллетенді толтырдым.