Ресейде қазақстандықтардың 79%-ы референдумда дауыс берді

Ресейде дауыс беруге арналған бес учаскенің бәрі жабылды.

Көрші елде жүрген қазақстандықтар Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы, Қазан және Астрахань қалаларында өз таңдауларын жасады. Олардың арасында студенттер, халықаралық ұйымдардың өкілі саналатын ел азаматтары бар. Дауыс берушілер арасында ең жоғары белсенділік Мәскеуде болды. 79,77 пайыз. Номері 397-учаскеде 718 адам өз таңдауын жасады. Қазан мен Астраханьда тізімдегі азаматтардың барлығы келді. Омбыдағы көрсеткіш – 70 пайыз, ал Санкт – Петербургте 65,6 процент.

Александр Синяговский, референдум учаскесі комиссиясының төрағасы:

- Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігі ғимаратында орналасқан нөмірі 397-учаскесі өз жұмысын аяқтады. Күн қорытындысы бойынша азаматтардың белсенділігі өте жоғары болды деуге болады. Тіркеуде болған 900 азаматтың шамамен 79 пайызы өз таңдауын жасады.