Тұрғын үй заңнамасы жетілдіріледі
Тұрғын үй саясаты реформаланады. Осы жөніндегі заң Парламентте қаралып жатыр. Жақында оны Сенат арнайы қарап, түзеті енгізіп, Мәжіліске қайтарды. Құжатпен бірге бес кодекске және 16 заңға түзеті енгізіледі. Заңда "Отбасы банкін" Ұлттық даму институты ретінде қайта құру көзделіп отыр. Бұл тұста жергілікті билік тұрғынжайды есепке алу мен бөлу қызметін банкке береді.