ШЫҰ байқаушылары: Референдум халықаралық талапқа сай өтті

Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы бойынша өткен референдум барлық талапқа сай келеді.

Дауыс беру науқаны ашық өтті. Азаматтық қоғам тарапынан белсенділік жоғары болды. Дауыс берушілерге, жайлы жағдай жасалды. Бұл туралы брифингте Шанхай ынтымақтастық ұйымы бас хатшысының орынбасары Олег Копылов айтты. Оның сөзіне сүйенсек, жалпыға бірдей дауыс беру науқаны Қазақстанның демократиялық даму жолында жасаған маңызды әрі нық қадам. Байқаушылар миссиясының өкілдері Астана мен Ақмола облысындағы 31 учаскеге барды.

Олег Копылов, Шанхай ынтымақтастық ұйымы бас хатшысының орынбасары:

- Республикалық референдум Қазақстан тарапынан қабылданған халықаралық міндеттемелерге сәйкес ұйымдастырылды. Миссиямыз осы жөнінде мәлімдейді және науқан сәтті өтті деп мойындайды. Осыған байланысты өз тарапымыздан Қазақстан халқын құттықтаймыз.