Түркия Орталық Азия орналасқан аймақты Түркістан деп атауды шешті
Бұдан былай Орталық Азия емес, Түркістан.
Түркия Республикасы Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан мемлекеттері орналасқан географиялық аймақты енді осылай атамақ. Бұл туралы Түркияның ұлттық білім беру министрі мәлімдеді. Айтуынша, бұл қадам тарихи тұрғыда дұрыс әрі әділ шешім, өйткені «Түркістан» ұғымы ежелден түркі халықтарының атамекені саналады. 2024-2025 оқу жылынан бастап мектептерде тарих пәні оқулығында «Орталық Азия» атауының орнына «Түркістан» терминін қолданбақ. Сарапшылардың айтуынша, бұл өзгеріс болашақ ұрпақтың түркілік сана-сезімін, ұлттық бірегейлігін және отансүйгіштік рухын нығайтуға үлкен үлес қосады. Сонымен қатар жаңа бағдарлама түркі әлемінің ортақ тарихы мен әдебиеті арқылы халықтарды біріктіруді мақсат етеді. Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған «Түркі дәуірі» кезеңін бастау туралы айтып, Түркістанның күшеюіне бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.