Мемлекеттік бюджет 9 айда 93% орындалды. LIVE

Салықтық емес төлемдер жоспардан 6 есе асып, 921 млрд теңгені құрады.

Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді. Дегенмен ведомство есебіне сай салықтық жоспар әлі де орындалмаған. 

Ғазиза Мұхамеджанова, тілші:

- Жылдың 9 айында мемлекеттік бюджетке 15 трлн теңге түсті. Жоспар 93% орындалды. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Тақиев мәлімдеді. Осы кезеңде салықтық түсімдер жоспары тек 76%-ға орындалды. Жоспардың орындалмауына бірнеше фактор әсер еткен. Министрдің айтуынша, біріншіден, мұнай өндіру көлемінің қысқаруына байланысты көрсеткіштерге қол жеткізу мүмкін болмады. Екіншіден, сыртқы сауда көлемі төмендеді.

Мәди Тәкиев, ҚР Қаржы министрі:

- Мұнай өндіру көлемінің қысқаруы: 9 айда мұнай өндіру 5,3 млн тоннаға азайып, 90,1 млн тоннаны құрады.  Әлемдік экономиканың баяулауы: фактор сыртқы экономикалық қызметке теріс әсер етті, нәтижесінде импорт 8,3%-ға, оның ішінде ҚХР-дан 6,5%-ға және ЕАЭО елдерінен 4%-ға төмендеді. Негізгі экспорттық металдар бағасының төмендеуі бюджет түсімдеріне де әсер етті. ҚҚС қайтарудың ұлғаюы: биылғы 9 айда ҚҚС қайтару 946 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен үш есе артық. 

Сонымен қатар импорт 8%-ға қысқарды, ал негізгі экспортталатын металдардың бағасы төмендеді. Бірақ жергілікті бюджеттердің кірістері 115% орындалды. Бұл бағытта өңірлердің кірісі 6 трлн теңгені құрады. "Шығыс көлеміне келетін болсақ, 9 айда мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындады", - деді министр. Бұл – зейнетақы, жәрдемақы, медициналық сақтандыру жарналары.