Мемлекеттік марапатқа ие болғандардың басым бөлігі жұмысшы мамандықтар
Мемлекеттік марапатқа ие болған азаматтардың басым бөлігі, яғни 450-ден астамы жұмысшы мамандықтардың өкілі.
Атап айтқанда, шахтерлер, көлік қызметкерлері және басқа да өндіріс саласының мамандары. Мұндай наградалармен марапатталған азаматтардың елге сіңірген еңбегі, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтқан құндылықтарымен толық үндеседі. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің телеграм парақшасында осылай деп, жазба қалдырды. Сондай-ақ ол постта, өнер, ғылым, білім саласының қызметкерлерінің де марапатталғаны – мемлекеттік саясаттың озық ойлы қоғамды қалыптастыруға бағытталғанын айқындады деп жазды. Жазба соңында Ерлан Қарин, Мемлекет басшысының Атыраудағы отырыста айтқан идеологиялық тезистерінің қазір нақты қадамдар мен бастамалар арқылы жүзеге асып жатқанына тоқталды.