Президент Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Қазан қаласына барды.

Жұмыс сапары аясында ол БРИКС-ке мүше мемлекеттер басшыларының XVI Саммитіне қатысады. Мұнда екі жақты кездесулер өткізіп, пленарлық отырыста сөз сөйлейді.