Қазақстанда Сингапурдың Құрметті консулдығы ашылды

Құрметті консулдық екіжақты экономикалық, мәдени және дипломатиялық байланыстар үшін қажет. Сондай-ақ Қазақстан аумағында жүрген Сингапур азаматтарының мүддесін қорғайды.

Қазір Қазақстанда 100-ден астам сингапурлық компания жұмыс істеп жатыр. Экономикасы дамыған Сингапур әлемде әлеуеті жоғары мемлекет болып саналады. Сондықтан оңтүстік-шығыс Азияда орналасқан қала-мемлекеттің өндірістік сектордағы озық технологиясын үйрену Қазақстан үшін де маңызды. Бүгінде Сингапурдың ірі 3 университетінде қазақстандық студенттер білім алып жүр. 

Зулкифли Бахарудин, Сингапур Республикасының Қазақстандағы елшісі:

- Сингапур мен Қазақстан 30 жылдан астам уақыт өзара тиімді іскерлік байланыс жүргізіп келеді. Астана мен Алматыда ашылатын консулдық достық пен әріптестікке негізделген қарым-қатынасты нығайта түседі деп сенемін. Біз туризм, бизнес, логистика, құрылыс және мәдениет саласында біріккен жобалар жүзеге асыруға мүдделіміз.

Талғат Шыныкеев, ҚР Сингапур Республикасындағы Құрметті консулы:

- «Қазақстан темір жолымен» Сингапурдың үлкен компаниясы біріккен компания ашып, үлкен жобамен жұмыс істеп жатыр. Алматы облысында үлкен жоба – «Алатау сити» деген қала салынбақшы. Алматыдан Қонаев қаласына дейін 900 шаршы метрден артық жерге салынатын үлкен қала. Сингапурдың компаниясы соның бас жоспарын жасап берді.