Алматыда Сингапур консулдығының кеңсесі ашылды

Алматыда Сингапур мемлекеті құрметті консулдығының кеңсесі ашылды, деп хабарлайды 24kz.

Салтанатты іс-шараға Сингапурдың Қазақстандағы елшісі Зулкифли Бахарудин қатысты. Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас нығайып, экономикалық байланыс дамып келеді. Бүгінде елде 100-ден астам сингапурлық компания жұмыс істейді. Бірқатар инвестициялық жобалар іске асуда. Мәселен, сингапурлық компания Алматы облысындағы «Алатау сити» қаласының бизнес-жоспарын әзірледі.

Талғат Шыныкеев, Сингапур республикасының Қазақстандағы құрметті консулы:

- Құрметті консулдық біріншіден, Сингапурдың азаматтары құқықтарын қорғау, соларға көмек көрсету. Екіншіден, біздің қазақстандық азаматтарға виза сияқты құжаттар дайындап беру. Кәсіпкерлер арасында қатынастарын арттыру. «Тағы да мәдени алмасу, студент алмасу. Жұмыс алда көп.