Халықаралық ұйым басшылары елімізді Республика күнімен құттықтады
Еліміздің Республика күнімен ірі халықаралық ұйым басшылары құттықтады.
Олар Алаш жұрты көптеген салада үлкен жетістікке жетті деп бағалады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Аймақтың бюросының директоры Ханс Клюге "Қазақстан 30 жыл бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына қосылып, содан бері үлкен үлесін қосып келеді" деп мәлімдеді. Оның айтуынша, 1978 жылы Алматы декларациясын қабылдаған қазақ елі алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем принциптерін нығайтуда жетекші рөлге ие.
Ханс Клюге, ДДСҰ аймақтық бюросының директоры:
- Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Биыл Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірігіп, алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем бойынша елдердің коалициясын құру идеясымен ғаламдық бастаманы қолға алды. Мақсат - бүкіл әлемде стандарттарды қайта бағдарлауға қолдау көрсету. Қазақстан - аймақтық деңгейлде бастамалар көтеріп, басқа елдерге бағыт көрсетіп отырған жетекші ел. Біз Қазақстанмен ынтымақтастықты мақтан тұтамыз."
Татьяна Молчан, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы:
"Республика күні - Қазақстанның ұлттық қана емес, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі жетістіктерін ерекше атап өтуге жақсы себеп. Қазақ елі біздің ұйыммен ынтымақтастықта әркез алда келеді. Бұл мені өте қуантады. Су ресурстары, энергетика мен көлік саласы, сондай-ақ Орта дәліз жобасын іске асыру - озық бастамалар. Гендерлік теңдік бойынша да Қазақстан көп ілгері кеткен. Біз Қазақстанды айрықша бағаламаймыз."