Президенттің Моңғолияға сапары барысында екі жақты құжаттарға қол қойылады

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады.

Мемлекет басшысы Президент Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен және Премьер-министрімен кездеседі. Сапар аясында бірқатар маңызды екі жақты құжаттарға қол қойылмақ. Президенттің сапары екі күнге жалғасады деп жоспарланған.