Қ.Тоқаев Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік хуралының төрағасымен кездесті

фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапары барысында Моңғолия Ұлы Мемлекеттік хуралының төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен кездесті, деп хабарлайды 24kz.

Қазақ басшысы Хуралдың жаңа құрамы елдегі демократиялық үдерістердің дамуына елеулі үлес қосып, Моңғолияның халықаралық аренадағы абырой-беделін арттыруға оң ықпал ететініне сенім білдірді. Сондай-ақ Қазақстандағы саяси және экономикалық жаңғырулар жөнінде айтты. Елде қабылданып жатқан ауқымды саяси шаралар қоғамда әділдік пен заң үстемдігі қағидаттарын орнықтыруды көздейді.