Amanat партиясы мұғалімдермен ашық әңгіме алаңын ұйымдастырды

Аманат партиясы мұғалімдермен ашық әңгіме ұйымдастырды.

Кездесуге елдің барлық өңіріндегі 300-ден астам мектеп мұғалімі, колледждер мен ЖОО оқытушылары келді. Олар орта және кәсіптік білім беру саласының өзекті мәселелерін талқылап, оны шешу жолдарын ұсынып, тәжірибе алмасты. Мәселен Ақтөбе қаласындағы жоғары политехникалық колледждің оқытушысы Дархан Шаңбаев жұмысшы мамандарын даярлау бойынша өз тәжірибесін айтты. Алматыдан келген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлназ Шәми «Гаджетсіз демалыс» жобасы туралы сөз қозғады. Әр өңірден келген басқа да тәлімберушілер өз білген-түйгенін ортаға салды. Кездесу соңында бірқатар педагогқа кәсіби қызметіндегі еңбегі және қоғамдық жұмысқа қосқан елеулі үлесі үшін ведомстволық наградалар мен «AMANAT» партиясының «Ұстаз – ұлт айнасы» арнайы төсбелгісі табысталды.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы

Заманбек Аманбеков, математика пәнінің мұғалімі