Э.Макрон әлеуметтік желіде Қ.Тоқаевтың сапары жайында жазба қалдырды
Франция Президенті әлеуметтік желіде Қ.Тоқаевтың сапары жайында жазба қалдырды.
«Қош келдіңіз, құрметті серіктес, құрметті дос». Франция Президенті Эмманюэль Макрон Х әлеуметтік желісінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапары жайында осындай жазба қалдырды. Тағы Франция басшысы осы сапармен Қазақстан мен Францияны, қазақстандықтар мен француздарды біріктіретін терең достықты да атап өтті.