Мемлекет басшысы Франция сапары туралы пікір білдірді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франция сапары туралы пікір білдірді.
«Францияға мемлекеттік сапарым кезінде көрсетілген ыстық ықыласқа ерекше тәнті болдым. Мазмұнды келіссөздердің қорытындыларын жоғары бағалаймын. Маған және барша Қазақстан халқына білдірген құрметі үшін Президент Макронға шынайы алғысымды айтамын. Франция көшбасшысын келер жылы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырдым», - деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік парақшасында.