Президент Әл-Азһар университетінің Жоғарғы имамымен кездесті
Президент Әл-Азһар университетінің Жоғарғы имамы Ахмед ат-Тайебпен де кездесті.
Мемлекет басшысы мұсылман үмбеті үшін білімнің, рухани тәлім-тәрбие мен ізгіліктің шамшырағы саналатын университтің абырой-беделіне Қазақстан жұртшылығы зор құрметпен қарайтынын жеткізді. Толеранттылық пен конфессияаралық диалогтың нығаюына зор үлес қосып, ислам дінінің шынайы қағидаттарын дәріптегені үшін Жоғарғы имамға ризашылығын білдірді. Президенттің айтуынша, қазіргі жік-жікке бөлінген заманда осынау құндылықтардың мән-маңызы одан сайын арта түсті. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Ахмед ат-Тайебті келесі жылы Астанада өтетін VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысуға шақырды.