Астанаға ресми сапармен Гвинея-Бисау президенті келеді

Ертең Астанаға Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Гвинея-Бисау президенті Умару Сисоку Эмбало келеді, деп хабарлайды 24kz.

Ресми сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер өткізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық перспективасы талқыланады.