Қ. Тоқаев: Гвинея-Бисаумен серіктестікті дамытуға мол мүмкіндік бар
Қос мемлекеттің басшылары кеңейтілген құрамда келіссіөз жүргізді.
«Гвинея-Бисау мемлекетімен серіктестігімізді одан әрі дамытуға мол мүмкіндік бар. Әсіресе экономика мен сауда-саттық салаларының әлеуеті жоғары», - деді жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ Умару Сисоку Эмбалоның елордаға сапарын екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам деп қарастыратынын атап өтті. Айта кетейік, былтыр Африка құрлығында орналасқан Гвинея-Бисаумен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанымызға 10 жыл толды.