Жылу-электр энергетикасын дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыруға 58,3 млрд теңге бөлінді

2024 жылы Энергетика министрлігінің «Жылу-электр энергетикасын дамыту» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен 14 жобаны іске асыру үшін 58,3 млрд теңге бөлінді.

Оның ішінде жылумен қамтамасыз ету бойынша алты жоба, электрмен жабдықтау бойынша сегіз жоба бар. Жобалардың бірі қазірдің өзінде іжұмыс істеп тұр. Орал қаласының «Ақжайық» ауданында 110/10 кВ қосалқы станса пайдалануға берілді.

Сонымен қатар қайтарымды инвестициялардың жылдық лимиті 32 млрд теңгеден 428 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар үшін негізгі жабдықты жаңғырту, кеңейту және реконструкциялау жөніндегі жобалар пулын кеңейтуге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта жалпы қуаты 2,8 ГВт болатын 22 инвестициялық келісім бар, оның ішінде лимит ұлғайғаннан кейін жалпы қуаты 1,36 ГВт болатын 13 келісім жасалды.