Олжас Бектенов РФ Премьер-министрімен келіссөз жүргізді

Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы артады, деп хабарлайды 24kz.

Бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов пен Ресей Федерациясының Премьер-министрі Михаил Мишустин екіжақты келіссөз жүргізіп, арадағы әріптестік мәселелерін талқылады. Жалпы Ресей – еліміздің басты серіктестерінің бірі. Былтыр өзара сауда көлемі 24 млрд доллардан асқан. Ал ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналымы 5%-ке өскен. Өнеркәсіп кооперациясы саласында да 18 млрд долларға екі елдің 99 жобасы іске асты. Бүгінгі келіссөздер нәтижесінде тараптар стратегиялық әріптестікті нығайтуға және барлық бағыт бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.